«Астана» қорғаушысы Антонио Рукавина «Қайсарға» қарсы ойынға (2:0) түсініктеме беріп, «Қайратпен» болатын матчтан күтетіні туралы айтты.
– Антонио, сіз «Астана» футболкасында 100 матч өткіздіңіз. Бұл сіз үшін нені білдіреді?
– Бұл – өте маңызды нәтиже. Клубта мұндай көрсеткішке жету әрқашан қуаныш сыйлайды, әсіресе менің жасымда (күлді). Әрине, мен «Қайсарды» жеңе алғанымызға өте қуаныштымын, сондықтан бүгін мен үшін ерекше күн.
– Сіздер чемпионатқа басты бәсекелестеріңіз «Тобылдың» жеңгенін біле отырып, «Қайсармен» ойнауға шықтыңыздар. Қателесуге құқықтарыңыз болмағанда, сіздерге психологиялық тұрғыдан ойнау қаншалықты қиын?
– Әрине, бірінші кезекте ойынға және нәтижеге қарау керек. Егер біз барлық кездесулерімізде жеңіске жетсек, «Тобылдың» нәтижелеріне қарамастан чемпион боламыз. Сонымен қатар, біз олардың ойындарын әлі де қадағалап жүрміз - біз «Қызыл-Жарды» жеңгендері туралы білдік. Енді біз олармен үстел теннисін ойнаймыз, былайша айтқанда, әр жаңа жеңістен кейін олар допты біздің жаққа береді. Психологиялық тұрғыдан қиын болды – «Қайсар» Бірінші лигаға ұшып кетті, бізге үш ұпай «қағазда» берілді. Бірінші тайм біз үшін нәтиже бермеді – біз мүмкіндіктерді іске асыра алмадық, айыпдоп кіргізбедік. Алайда, команданың мінезі бізге жеңісті жұлып алуға көмектесті.
– Келесі матч – «Қайратпен». Бұл ойыннан не күтесіз?
– Бұл қиын ойын болады – бізге тек жеңіс қажет. Бізді тең ойын қанағаттандырмайды. Мен жаңа маусымның күнтізбесін көргенде, бәрі соңғының алдындағы турда «Қайратпен» матчта шешілетінін айтқан болатынмын. Және солай болып тұр. «Қайрат» пен «Астана» матчтары әрқашан қазақстандық футбол үшін сыйлық болып табылады. Егер Алматыда жеңіске жетсек, чемпион болатынымызға сенімдімін.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ