kz

RU
EN
KZ
«Астана-2003» финалдық кезеңді жеңіспен бастады
16 қар 2020

Шымкентте 2003 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында ҚР Біріншілігі жалғасуда. 

 Біз осыған дейін хабарлағанымыздай «Астана» жастары «Қайсар» мен «Қызыл-Жар СҚ» командаларын ұтып, финалдық кезеңге шыққан болатын. Онда Біріншіліктің жүлделі орындары мен УЕФА Жасөспірімдер Лигасына жолдама сарапқа салынады. 
 Вячеслав Прокопенко мен Владимир Глевич шәкірттері финалдық кезеңді «Ордабасыға» қарсы кездесумен бастап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голының авторы Дархан Дүйсембеков. Шымкеттік ұжымда есепті қысқартатын мүмкіндік болған, алайда Константин Оноприенко қорғаған қақпаға пенальти соға алмады. 
 «Астана» ойынды төмендегі құраммен өткізді: Оноприенко, Лисин, Дүйсембеков, Есько, Мамонтов, Әділ (Бақыт 88), Табиғат (Якупов 74), Жұмабеков, Батырбай, Утешев (К), Испанов (Березуцкйи 60). 
Қарама-қарсы өткен ойында алматылық «Қайрат» «Оңтүстік Академиясын» 1:0 есебімен жеңді. Ертең топтағы екінші ойындар өтеді, астаналықтар «Оңтүстікпен» кездессе, «Қайрат» «Ордабасыға» қарсы өз бақтарын сынайды.

Бас серіктес