kz

RU
EN
KZ
«Астана-2003» қосымша уақытта жеңісті жұлып алды
17 қар 2020

 

Шымкентте 2003 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі жалғасуда. 

«Астана» «Ордабасыға» қарсы жеңістен кейін, «Оңтүстік Академиясын» 2:1 есебімен жеңді. Елорда жастары жеңіс голын 92 минутта соқты. Астаналықтар сапынан Дархан Дүйсембеков пен Әлихан Өтешев гол соқты. 

Енді 19 қараша күні «Қайратқа» қарсы өтетін ойында Қазақстан чемпионы және УЕФА жасөспірімдер Лигасына жолдама иегері анықталады.

Бас серіктес