kz

RU
EN
KZ
«Астана-2003» топта бірінші орын алды
12 қар 2020

 

Шымкентте 2003 жылы туған жасөспірімдерден құралған футбол орталықтары мен академиялары командалары арасында ҚР Біріншілігі жалғасуда. 

«Астана» жастары «Қайсарға» қарсы жеңістен кейін, «Қызыл-Жар СҚ» ұжымын 5:0 есебімен жеңді. Ойында Александр Лисин, Айдос Табиғат, Андрей Березуцкий, Антон Гонтов және Диас Истанов нәтижелі соққыларымен ерекшеленді. 

Осылайша, «Астана» топта бірінші орынды иеленіп, Біріншіліктің жүлделі орынына таласты жалғастыратын болады. 

Еске сала кетейік, жеңімпаз команда келесі жылы УЕФА Жасөспірімдер Лигасында ойнауға мүмкіндік алады.

Бас серіктес