Елордада клубтың 2012 жылғы тәрбиеленушілері қатысқан Nur-Sultan Cup 2021 турнирі аяқталды.
Турнир үш топтан құралып, «Астана» бірден екеуінде де болды: В тобында елордалықтармен бірге «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Оқжетпес» командалары ойнады. С тобында «Шахтер», «Оқжетпес» және «Жұлдыз» ойнады.
Турнирдің қорытындысы бойынша «Астана» қола медальға ие болды. Тимур Сәкенов турнирдің үздік шабуылшысы атанып, ал Ғабидолла Оразалы турнирдің үздік қорғаушысы болды.
Командалардың жаттықтырушылары – Руслан Адамов және Арман Баймұханов.