kz

RU
KZ
«Астана» және «ALAMAN» серіктестік туралы меморандумға қол қойды
27 жел 2021

«Астана» футбол клубы мен «ALAMAN» футбол мектебі балалар арасында футбол ойынын дамыту жайында меморандумға қол қойды.

«ALAMAN» – 200-ден астам бала тәрбиеленетін футбол мектебі. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан және Қостанай қаласында жұмыс жасайды. Еліміздегі ең мықты футбол клубтарының бірі – «Астана» ФК-ның Бас директоры Тастанбек Есентаев пен тамыз айында ашылған «ALAMAN» футбол мектебінің президенті Қуат Ерғалиев өзара келіссөздер жүргізіп, меморандумға қол қойды.

«Біз негізгі құрамнан бөлек, Нұр-Сұлтан және еліміздің өзге де аймақтарында балалар футболын дамытуға күш саламыз. Бүгінде «Астана» футбол орталығында 368 бала жаттықса, алдағы уақытта олардың санын 500-ге жеткізу жоспарланған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық және жасөспірімдер спортын дамытуға аса назар бөлуді тапсырған болатын. Ал еліміздегі ең танымал спорт түрі – футбол. Демек, біз өз кезегімізде футболды әрі қарай насихаттауға, дамытуға барымызды салуға тиіспіз.

Бұл бағытта атқарылған жұмыстардың оң нәтиже көрсеткеніне бәріміз де куәміз. «Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілері республикалық турнирлер мен түрлі жарыстарда көш бастап келеді. «ALAMAN» секілді жеке футбол мектептерімен меморандумға отыру арқылы біздің футбол орталығы өз тәжірибесімен бөлісіп, командаға мықты ойыншылардан іріктеу жасап, бірлесе жаңа бастамаларды іске асыруға мүмкіндік береді», - деді «Астана» футбол клубының Бас директоры Тастанбек Есентаев.

Бас серіктес