kz

RU
EN
KZ
«Астана» клуб тәрбиеленушілерін UTLC Cup 2022 турнирінің қола жүлделерімен құттықтады
24 там 2022

«Астана Аренада» футбол орталығының 2008 жылы туған тәрбиеленушілерінің құрметіне салтанатты шара өтті.

Стадион алаңында «Астананың» бас командасы, оның тәрбиеленушілері мен жас жігіттердің ата-аналары кездесті. Негізгі құрамның бас бапкері Срджан Благоевич, сондай-ақ Абзал Бейсебеков пен Марин Томасов жас ойыншыларға қолдау білдірді. Мәскеуде өткен халықаралық турнирде біздің команда «Аланьяспор», ЦСКА және мәскеулік «Локомотив» сынды клубтарды басып озып, үшінші орынды жеңіп алды.

Кездесуден кейін стадионның мәжіліс залында ойыншыларға ресми түрде Қазақстан чемпионатының күміс медальдары мен Okadzaki.kz мейрамханалар желісінің сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Бас серіктес