kz

RU
EN
KZ
«Астана» БАҚ өкілдері қатысуымен бранч өткізді
01 жел 2021

Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорының Бас директоры А.Р. Сейсембек, «Астана» футбол клубының Бас директоры Тастанбек Есентаев, клубтың атқарушы директоры Санжар Сейтқазинов және спорт журналистері қатысқан пресс-бранч Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Кездесудің басты мақсаты – екі тараптың қарым-қатынас орнатуы, «Астана» клубының маусымдағы жұмысын қорытындылап, жоспарымен танысу және журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап беру. Достық пейілге толы бейресми кездесу клуб басшылығы мен журналистердерді бір үстел басына жиып, клубтың қаржылық жағдайы, 2022 жылғы маусымға құрам жасақтау сынды сұрақтарды қамтыды.

Кездесу соңында «Астана» футбол клубы БАҚ өкілдеріне алғыс айтып, болашақта тығыз қарым-қатынас орнатуға тілек білдірді.
 

Бас серіктес