Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында болатын алғашқы матчын "Астана" 10 ақпанда өткізеді.
Андрей Тихоновтың шәкірттерінің қарсыласы Ресей Кубогының екі дүркін финалисі, Премьер-Лиганың "Химки" клубы болмақ.
Мәскеу түбінен келген команда қысқы үзілістің алдында 11-орынға жайғасып, осы маусымда ғана Ресей Чемпионатының ең мықты дивизионына оралды. Химкидің бас бапкері- футболдағы мансап жолын аяқталған кезде "Локомотивте", "Балтика" және "Арсеналда" жұмыс істеген "Локомотив", "Алания" және "Торпедо" экс-қорғаушысы Игорь Геннадьевич Черевченко.
Ойындар кестесі мен қарсыластар сәл кейінірек жария етіледі.