"Астана" футболшылары бүгін, 5 ақпанда екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін түрік Анталиясына ұшады.
Жиын аясында команда қарсыластары кешірек мәлім болатын бірнеше жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
Жаттығу жиыны 26 ақпанға дейін болады деп жоспарланған, бұдан соң команда Нұр-Сұлтанға оралып, Қазақстан Суперкубогының матчтарына дайындығын жалғастырмақ