kz

RU
KZ
Бабаян «Қайратқа» қарсы ойын жайында
18:00, 26 қаз 2025

– Маусымның соңғы ойыны болды. Қиынға соғатын кездесу болатынын түсіндік – алаңда чемпионаттың екі үздік командасы кездесті. Гол жібергенге дейін «Қайраттың» айқын есеп ашатындай сәттері бола қойған жоқ, бірақ олардың жылдам соққан голы бізге ойынды қайта құруға мәжбүрледі. Биігірек, белсендірек ойнай бастадық. Жіберілген гол кезіндегі қателік те әсер етті – Дастан Сатпаевтың жылдамдығы бөлек әңгіме. Одан кейін алғы шепке шығып, басымдық іздедік, алайда қарсы шабуылға екі рет түсіп, «Қайрат» сол эпизодтарда да гол соғуы мүмкін еді.

Ойынды ойыншыларды алмастыру арқылы өзгертуге тырыстық, бірақ бүгін қорғаныста қалаған деңгейде ойнай алмадық. Шабуылды бастау кезінде өткірлеу әрекет ету керек еді – бос кеңістік жеткілікті болды. Матч соңында бізде екі жақсы мүмкіндік болды, ең шешушісі – соңғы шабуылда Марин Томасов мүмкіндікті голға айналдыра алмай, допты қақпаның теміріне тепті. Ондай да болады. Өкінішке қарай, чемпиондықты уысымыздан шығарып алдық, бірақ маусым үшін ойыншыларға ризамын.

Көңіл-күйіміз құлдырап кетті, алайда жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді – бүгін шамамен 200 адам келіп, қолдау көрсеткені өте жақсы естіліп тұрды. Атмосфера шынымен де нағыз футболдың деңгейінде болды. Соңғы айларда футболға деген қызығушылық айтарлықтай артты – өз алаңымызда толық стадионда ойнадық.

Елімізде футболдың дамуын қолдап жүрген Мемлекет басшысын да ерекше атап өткім келеді. Оның бастамаларының арқасында жаңа стадиондар салынып жатыр. Болашақта әр қалада бүгінгідей атмосфера болса екен деп сенемін.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес