– Өте қиын матч болды, біз бұлай боларын күткенбіз. Жоғарғы орындарға таласып жүрген екі команда кездесті. Өкінішке қарай, бірінші голды өте жылдам әрі оңай өткізіп алдық – қарапайым стандарт жағдайдан кейінгі өз қателігімізден. Содан кейін біз шабуылдап, бастаманы қолға алдық. Көп мүмкіндіктер жасадық, бірақ өкінішке қарай, тайм барысында «Тобыл» екінші шабуылынан пенальтиден тағы бір гол соқты. Біз өз ойынымызды жалғастырып, сәттер жасап, 45-минутта есепті теңестірдік – 2:2.
Екінші таймда қарсылас ойыншысы Тагыберген алаңнан қуылғаннан кейін, біз ойын схемамызды өзгерттік. Команда жақсы футбол көрсетті, көп мүмкіндіктерді пайдалана алмадық, қақпаға көп соққы жасадық.
Команданың мінезін ерекше атап өткім келеді: осынша көп мүмкіндікті мүлт жіберсек те, доп қақпадан тыс кеткенімен, ауыр алаң жағдайына қарамастан соңына дейін күрестік, шыдадық және соңғы минуттарда біз үшін өте маңызды гол соқтық. Сондай-ақ бізді қолдап келген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар ұзақ жол жүріп келді, біз оларды бүкіл матч бойы естіп тұрдық. Бұл үшін оларға үлкен рахмет!