Үздік он бір футболшының қатарына «Астана» футбол клубының екі ойыншысы енді.
Орталық жартылай қорғаушы: Рунар Сигурьонссон, «Астана»
Рунар Сигурьонссон «Ордабасыға» қарсы кездесуде пенальтиден екі гол соғып, дубль авторы атанды. Елорда командасының исландиялық жартылай қорғаушысы орталық алаңда белсенді болып, қарсылас айып алаңына 7 рет пас асырып, 91% тура пас берген. Ол өзінің бесінші голын соғу арқылы, чемпионаттың үздік сұрмергендері тізімінде көш бастады. INSTAT индекс көрсеткіші – 295.
Сол жақ қапталдағы жартылай қорғаушы: Тигран Барсегян, «Астана»
Барсегян жеке шеберлігінің арқасында «Астана» шабуыл шебіне қан жүгіртті. Армениялық легионер кездесу барысында бірнеше рет ойынды өзіне алып, «Ордабасы» айып алаңында жиі дриблинг жасады. Екінші таймда ол өзінің белсенді әрекеттерінің арқасында команда үшін маңызды пенальтиді иеленді. INSTAT индекс көрсеткіші – 286.
Айта кетейік, Тигран турдың таңдаулы құрамына осымен үшінші рет енсе, Рунар бұл тізімге алғаш рет еніп отыр!