kz

RU
EN
KZ
Бейсебеков – Премьер-Лигадағы үздік 100 рекордшының қатарында
03 мам 2021

 

Абзал Бейсебеков Қазақстан Премьер-Лигасында өткізген матчтары бойынша үздік 100 ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

28 жастағы қорғаушы Абзал Бейсебеков Премьер-лигадағы алғашқы ойынын «Қайрат» сапында 2008 жылғы 13 қыркүйекте «Энергетик-2» командасына қарсы өткізді. Ол кезде Абзал 15 жаста еді. Ол «Қайрат» сапында барлығы 16 матч өткізді. Сондай-ақ ол Өскеменнің «Восток» командасында да (23 матч) доп тепті. Бүгінгі күні ол «Астана» үшін 227 матч өткізіп, 9 гол соқты.

Жалпы Қазақстан Премьер-Лигасында 266 матч өткізіп, 9 гол соқты.

Қазіргі кезде Қазақстан Премьер-Лигасындағы үздік 100 рекордшының қатарына ену үшін 266 матч ойнау керек.

Бас серіктес