kz

RU
EN
KZ
Томасовтың қос голы «Ариспен» ойында жеңіс сыйлады
УЕФА Конференциялар лигасының тұсаукесер ойыны өтті.
22 шіл 2021

Жарыс жолының екінші кезеңінде елордалық аяқдопшылар Грекиядан келген - «Арис» футбол клубымен күш сынасты. Андрей Тихоновтың шәкірттері бірінші таймда есеп ашса, ал ойынның екінші бөлігінде кездесуге нүкте қойды: екі голды да Марин Томасов қанжығасына байлады!

Кездесудің 76-шы минутында Лука Шимунович қонақтардың қарсы шабуылын тоқтатамын деп жүріп, екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.

«Астана» — «Арис» — 2:0

Голдар: 25, 71 Томасов

Қызыл қағаз: 76 Шимунович

«Астана»: Дмитрий Непогодов (В) – Абзал Бейсебеков (К), Энео Битри, Лука Шимунович, Антонио Рукавина  – Исламбек Қуат, Валерий Чуперка, Макс Эбонг – Тигран Барсегян, Марин Томасов, Педро Эуженио;

Резерв: Александр Заруцкий (В), Данил Подымский (В) – Энрике Лопес, Лев Скворцов, Жарко Томашевич, Марк Гурман, Сағи Совет – Сұлтан Сағнаев, Владислав Прокопенко – Фатос Бечирай, Станислав Басманов, Абат Айымбетов;

Бас бапкер: Андрей Тихонов.

«Арис»: Денис Сезар Матос (В) – Кристиан Ганя, Георгиос Делизисис (К), Йоан Беналуан, Эмануэль Шакич  – Лукас Саша, Хавьер Матилья, Факундо Бертольо – Бруно Гама, Матео Гарсия, Даниэль Манчини;

Резерв: Хулиан Куэста (В), Мариос Сиампанис (В) – Апостолос-Илиас Мартинис, Даниэль Сундгрен – Джеймс Джегго, Изет Хайрович – Димитриос Манос, Константинос Хатзипирпиридис, Бруно Фелипе, Костантинос Митроглу;

Бас бапкер: Акис Манциос.

Бас серіктес