kz

RU
EN
KZ
Благоевич Ченстоховада өткен ойын жайында
«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич Польшада өткен кездесудің нәтижесіне қатысты пікірімен бөлісті. 
22 шіл 2022

– Мұндай жеңілістен кейін не деуге болады?! Маған ойын есебі жайында пікір айту оңай емес, бұл біз үшін ауыр тиген, жағымсыз нәтиже. Мен «Ракувты» құттықтаймын, олар жеңіске лайық болды және қазіргі таңда олар бізден бір деңгейге жоғары. Әрі қарай не десем де, сылтау айтқандай боламын, ал мен мұндайды құптаймын. Барлық кінәні өзім көтеруге дайынмын, бастысы қарымта матчта жағдайды жақсартуға тырысамыз.

Польшаға ұшудың кешігуі командаға қаншалықты әсер етті?

–  Әрине, бұл жағдай өз әсерін тигізді. Бірақ менде ақталу деген ой жоқ, бұл ақымақтық секілді. Команданың бір бөлігі матчтың алдында, түнде ұшып келсе, екінші бөлігі ойынға екі сағат қалғанда келді. Бұл ақталғаным емес, «Ракув» лайықты түрде жеңді.

Елге қалай ораласыздар?

– Бүгінгі матчтан кейін ойыншылардың бір бөлігі бірден Қазақстанға ұшады. Ойыншылардың тағы бір бөлігі жұма күні ұшады деп жоспарланған. Дубай арқылы ұшатын сияқты.

Бүгін Томасов не себепті алаңға шықпады?

– Марин ауырып қалды, соңғы 2-3 күнде дене қызуы көтерілді. Ал кейбір ойыншылар көптен бері жаттықпаған болатын. «Ракувтың» пәрменіне дес бере алмадық, тырыстып бақтық, бірақ қарсылық көрсете алмадық.

Матчтан кейін ойыншыларыңызға не дедіңіз?

– Матчтардан кейін: мейлі жеңілейік, мейлі жеңейік, ойыншыларға ештеңе айтпауға тырысамын. Алда бұл матчты талдаймыз, ойыншыларыммен бірге бүгінгі матчтан алған әсерді жақсартуға тырысамыз, жалпы жағдайды жақсартуға тырысамыз.

«Ракувпен» өткен ойын сізді несімен таңғалдырды?

– Біз «Ракувты» егжей-тегжейлі талдадық, олардың жақсы жақтарын білдік, сондықтан да бізді ештеңе таңғалдырмады. Ал бұл матчта қарсыластың мықты жақтары бізден гөрі басым болды. Бұл –  «Ракувтың» лайықты жеңісі. Осындай ірі есеппен жеңіліс тапқанымыз үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді.

– Әлеуметтік желідегі жазбаларға қандай жауап қайтарасыз?  

– Мен әлеуметтік желідегі пікірлерді оқымаймын. Болған жайтқа пікір айту бекер деп ойлаймын, сол себепті де пікір айтудан аулақпын.

«Астана» ФК Бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес