«Астана» командасы «Оқжетпестен» 2:0 есебімен басым түсті.
Қалыптасқан дәстүрге орай, елорда командасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жанкүйерлер аталмыш кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.
Сауалнама нәтижесінде Тигран Барсегян үздік атанды. Жартылай қорғаушы жанкүйерлер тарапынан 33,67 % дауыс жинады. Тигран бірінші голға өз үлесін қосып, елордалықтарға пенальти орындауға мүмкіндік алып келді. 11 метрлік айып добын Рунар Мар Сигурьонссон сенімді теуіп, кездесудегі астаналықтардың алғашқы голын соқты.
Екінші орында дәл осы исландиялық жартылай қорғаушы. Ол сауалнама нәтижесінде 20,07% дауысқа ие болды. Рунар кездесу барысында пенальтиді сәтті орындап, Дидар Жалмұқанға нәтижелі пас берді.
Сигурьонссон осы нәтижелі ойынының арқасында чемпионаттағы үздік сұрмергендер тізімінде гол+пас жүйесі бойынша үздіктер көшін бастап тұр. Оның еншісінде 3 гол және 2 нәтижелі пас бар.
Үздік үштікті Марин Томасов түйіндеді. Хорватиялық жартылай қорғаушының «Оқжетпеске» қарсы ойындарда жолы болар емес. Көкшетаулықтарға қарсы өткізген төрт кездесуде Марин нәтижелі ойынымен көзге түсе алған жоқ. Дегенмен, Томасовтың шабуыл шебіндегі тың шешімдерін ерекше атап өткен жөн.
ТОП-5:
1.Тигран Барсегян 33,67%
2. Рунар Мар Сигурьонссон 20,07%
3.Марин Томасов 19,4%
4.Дмитрий Шомко 8,23%
5.Абзал Бейсебеков 6,72%