kz

RU
EN
KZ
Жанкүйерлер Томасовты "Каспийге" қарсы матчтың үздік ойыншысы деп таныды
23 нау 2021

 

​Дәстүр бойынша, "Астана" футбол клубының әлеуметтік желілерінде жеңіс матчтарынан кейін матчтың үздік ойыншысын анықтау бойынша дауыс беру өтеді.

​"Каспийге" қарсы ойында жанкүйерлер Марин Томасовты үздік жартылай қорғаушы деп таныды. Хорват Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчтармен бірге, 4 матчта 6 нәтижелі (3+3) ұпай жинады. Ақтаулықтарға қарсы ойында Томасов пенальти жасап, Макс Эбонгқа голдық пас берді.

​Бұл сауалнамада жанкүйерлер белоруссты екінші орынға қойды. Макс "Астана" футболкасындағы алғашқы голын соғып, жақсы көңіл-күймен өз елінің құрамасына аттанды.

​Жанкүйерлердің пікірінше, үздік үштікті Сага Совет аяқтады. 21 жасар қорғаушы дәл пас беру саны бойынша матч көшбасшыларының бірі болды. Екінші жартыда ауыстырылса да, жанкүйерлердің жүрегінде жақсы әсер қалдырды.

Жанкүйерлердің пікірінше матчтың ТОП-5 ойыншысы:

1.Марин Томасов 43%

2.Макс Эбонг 24%

3.Саги Совет 12%

4.Абзал Бейсебеков 7%

5.Тигран Барсегян 6%

Бас серіктес