kz

RU
EN
KZ
Брайан Гарсия: «Жеңісті өз бақылауымызда ұстадық»
«Астаналық» қорғаушы Брайан Гарсия «Мақтааралмен» өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.
01 қыр 2022

– Бұл осы уақытқа дейін болған матчтар сияқты ауыр ойын болды. Барлық команда «Астанаға» қарсы матчқа тиянақты дайындалады, ал біз ойынды бақылауда ұстау үшін мүмкіндігінше тезірек гол соғуға тырыстық, бірақ барлық кездесуде ойынның алғашқы минутарында есеп ашу мүмкін бола бермеді. Бізде көптеген жақсы сәттер болды және гол соғу уақыты келгенде мүмкіндікті пайдамызға асырдық.

– Неліктен ұзақ уақыт есеп аша алмадыңыздар?
– «Мақтаарал» қорғанысты жақсы ұйымдастырып, қарсы шабуылға шығу жоспарын құрған, бес ойыншыдан тұратын қорғаныс шебін бұзып өту қиынға соқты. Біз ойынды толығымен өзіміз қадағаладық, масатымыз айқын, ең бастысы жеңіске жету болды, осылай келесі кезеңге өттік. Біз жартылай финалдамыз!

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес