Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасының баспасөз қызметі ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Инстат аналитикалық компаниясының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 20-шы турдың үздіктер құрамын жариялады.
Турдың таңдаулы құрамына «Астананың» төрт футболшысы енді. Елорда командасы осы турда «Қайсарды» 3:1 есебімен жеңген болатын.
11 үздік ойыншының қатарына қорғаушы Дмитрий Шомко, жартылай қорғаушылар Иван Маевский және Марин Томасов, сондай-ақ шабуылшы Пиерос Сотириу енді.
Шомко осы маусымда бұл тізімге үшінші рет ілінсе, Томасов төрт, Сотириу екі, ал Маевский алғаш рет қосылып отыр.