Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында 11 қазан күні Албанияға және 14 қазан Беларусияға қарсы екі ойын өткізеді.
Осы екі ойынға құрама бас бапкері Михал Билек «Астана» сапынан төрт ойыншыны шақыртты: қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушы Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушы Юрий Перцух және шабуылшы Алексей Щеткин.
Сондай-ақ, резервтегі тізімге жарақатынан енді ғана қалыпқа келіп жатқан Дмитрий Шомко мен Юрий Логвиненко енді.