ЕУРО-2023 іріктеуі аясында Қазақстанның жастар құрамасы алғашқы кездесуін Бельгия жастарына қарсы өткізеді.
Бұл матчқа жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов "Астананың" төрт футболшысын шақырды. Олар: қорғаушылар Сағи Совет пен Лев Скворцов, жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев және шабуылшы Владислав Прокопенко.
Сонымен қатар, Ұлттық құрамаға осы маусымда "Атырауға" жалға берілген Жасұлан Қайыркенов те шақырылды.
Еске сала кетейік, Қазақстан-Бельгия матчы 4 маусымда Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионның алаңында өтеді.