– Даниил, команда «Тұранмен» 1:3 есебімен ұтылып жатқан жерінен 3:3 қылып тең ойынға қол жеткізді. Қалай ойлайсың, бірінші таймда командаға не жетіспеді?
– Осы мүмкіндікті пайдаланып, юарлықтарыңызды Ораза Айт мерекесімен құттықтаймын!
Шынымды айтсам, алғашқы таймда не болғанын өзім де түсінбедім, біз 3 гол өткізіп алдық. Жігіттер ойынға мықты дайындалды және жеңіске жеткіміз келді. Әрине, күнтізбенің де қиын екенін айта кету керек, себебі қазір ойындар әр 4-5 күн сайын болып жатыр, бірақ сонда да, біздің қарсыласқа қарағанда деңгейіміз жоғары, оның үстіне өз алаңымызда ойнағандықтан жеңуіміз қажет еді. Қорғаушы ретінде жіберілген голдардың кінәсін өз мойныма аламын, мұндай голдарды осылайша оңай жіберуге болмайды.
Клубтың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ