Кездесу соңында Дидар клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті:
- Чемпионаттағы ұзақ үзіліске байланысты, бүгінгі ойын екі команда үшін де қиын болды. Дегенмен, алдағы бірнеше ойыннан кейін командалар толықтай өз қалыптарына келеді деген ойдамын!
- Сен 1:0 есебі кезінде алаңға шықтың. Қосалқы құрамнан алаңғы шығу қаншалықты қиын болды?
- Қосалқы құрамнан алаңға шығу, ешқашан жеңіл болған емес. Бүгінгі кездесуде гол соғып, көзге түскеніме өте қуаныштымын. Біз маңызды үш ұпайға қол жеткіздік. Енді тек алға жылжимыз!
- Қазір ойындардың барлығы жанкүйерлерсіз өтуде. Оларсыз қаншалықты қиын?
- Футбол әрдайым жанкүйерлер үшін екенін барлық ойыншы айтары анық. Жанкүйерлерсіз өте қиын, әрі қызықсыз. Дегенмен, біз жанкүйерлер қолдауын тіпті алыстан-ақ сезінудеміз!
- Бүгін сен, бүкіл команда өкілдері сияқты, алаңға ерекше жейдемен шықтың. Бұл сен үшін нені білдіреді?
- Команда дәрігерлерді қолдағысы келді, сондықтан екінші таймда қосалқы құрамнан ойынға шыққан футболшылар да елдегі осындай қиын жағдайда акцияны қолдау өздерінің парызы деп есептеді. Оған қоса менің жақын досым да дәрігер. Біз дәрігерлердің аурумен күресте жасаған ерен еңбегін бағалаймыз.