«Астана» командасының соңғы «Шахтерға» қарсы ойынында қосалқы құрамнан алаңға шыққан Дидар Жалмұқан Пиерос Сотириудың берген пасын нәтижелі пайдаланып, қақпашыны қапы қалдырып гол соқты.
Бұл 24 жастағы футболшының «Астана» жейдесіндегі 7-ші голы ретінде тіркелді. Одан бөлек, Дидардың еншісінде 3 нәтижелі пас бар. Ол осылайша, елорда командасы жейдесіндегі 10-шы нәтижелі ұпайын еншіледі.
Оған бұл көрсеткішке жету үшін 37 ойын қажет болды.