«Астананың» 33 жастағы қақпашысы Дмитрий Непогодов «Қызылжарға» қарсы ойында (3:1) Қазақстан Премьер-Лигасындағы 100-ші матчын өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
Дмитрий Непогодов Қазақстандағы футбол мансабын 2017 жылы бастаған. Бастапқыда Қостанайдың «Тобылы» үшін 61 ойын өткізіп, 53 гол жіберді. Содан кейін «Ордабасыда» ойнады (29 матчта 20 гол өткізді). «Астананың» қазіргі құрамында 10 матч ойнап, 11 гол өткізді.
Қазақстан чемпионатындағы 100 ойында 84 доп өткізді."