Клубтың ойнаған матчтарымен және голды пастарымен рекордсмен деп танылған ойыншысы Дмитрий Шомко өз мансабын ресейлік Премьер-Лигада жалғастырамын деп шешім қабылдап, "Астанадан" кетті.
30 жастағы қорғаушы елордалық командадан кеткеннен кейін өз эмоцияларымен бөлісті:
- Мен үшін "Астана" футбол клубының жарқын жеңістері, голдары, еурокубоктары бар тарихының бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Жанкүйерлерге, жалпы клубқа елордалық клуб құрамындағы жылдары көрсеткен қолдауы мен тамаша өткен жылдар үшін алғыс айтқым келеді.
Бірақ әрі қарай жүретін уақыт келді. Ресей чемпионатына трансфер-бұл Әлем чемпионаты үшін салынған керемет стадиондарда ойнау мүмкіндігі, сондай-ақ, әлбетте, бұл мен үшін жаңа сынақ, өз күшімді басқа деңгейде сынап көру мүмкіндігі.
"Астанаға" ішкі және еуропалық аренада өз позицияларын қайтарып алуға тілектеспін!