- Дмитрий, қалыңыз қалай? Алғашқы жаттығу жұмыстарынан қандай әсер алдыңыз?
- Менде барлығы жақсы. Жаттығу жұмыстарын қайта бастағанымызға қуаныштымын. Ұзақ үзілістен кейін, тобығымды аздап ауыртып алдым. Қазір барлығы өз қалпына келді.
- Алғашында «Экибастузец» командасын, қазір «Ертісті» жауып жатыр. Көңіліңіз түсіп жатқан болар...
- Әрине, орын алған жағдай мені қатты таң қалдыруда! Мені «Ертіс» футбол клубымен көп дүние байланыстырады. Себебі, бұл ұжым менің мансабыма көп дүние берді. Естен кетпес төрт жыл (2009-2013) өткізген кезеңдегі барлық қызметкерлерге алғыс айтамын. Дәл осы клубта орын алған жағдайға мүлде сенгім келмейді.
- «Ертісті» әлі де сақтап қалуға болатынына сенесіз бе? Әлде, ол мүмкін емес деп ойлайсыз ба?
- Әрине, клубты дәл осылай жауып тастамай, Премьер-Лигада қалдыру үшін барлығын жасайды деп үміттенемін. Осындай тарихы бар ұжымды қараусыз қалдырмай, қолдан келген барлық нәрсені жасап сақтап қалу қажет-ақ.
- «Ертістегі» таныстарыңызбен байланысқа шығып көрдіңіз бе?
- Жоқ, әзірге ешкіммен тілдескен жоқпын. Кешірек хабарласып, барлығын сұрайтын боламын.
- Жыл сайын осындай дүниелер неліктен орын алып жатыр? Бұл дүниемен қалай күресуге болады?
- Бұл сұраққа мен жауап бере алмаймын. Оны облыс басшылығынан сұрағандарыңыз дұрыс болады.
- «Ертіс» сапындағы есте қалған үздік үш сәтті атап өте аласыз ба?
- Менімен бірге ойнаған үздік үш футболшыны атап өтейін: Давид Лория, Ұлықбек Бақаев, Сергей Иванов. «Ертіс» сапында көп жақсы футболшылармен бірге доп теп тептік. Қалғандары ренжімейді деп ойлаймын.
- Үзілістен кейінгі чемпионат қандай болады деп ойлайсыз?
- Чемпионаттың қалай өрбитінін дөп басып айту қиын. Үзілістен кейін барлығы өз деңгейлерінде оралып, жанкүйерлерді жақсы ойындарымен қуантады деп үміттемін.
- Өздеріңіз ойнайтын үйдегі алаңды сағынған шығарсыз? Басшылық ол туралы не айтып жатыр? Команда үйдегі алаңға қашан оралады?
- Футболды қатты сағындым. «Астана Аренадағы» жөндеу жұмыстары маусым айының соңында аяқталады деген ақпарат бар. Барлығы уақытында орындалады деп үміттенемін.
- Еурокубоктер туралы не айтасыз? Еурокубоктердің іріктеу кезеңін өткізбеуі мүмкін деген ақпарат бар? Сіз оған қалай қарайсыз?
- Еурокубоктық ойындар туралы айту әлі ерте деп ойлаймын. Ең алдымен ішкі біріншілікті бастауымыз қажет. Қалғанын уақыты келгенде көре жатармыз. Біздің басты мақсатымыз - еурокубоктердің топтық кезеңіне жолдама алу. Тағы бір мәрте Чемпиондар Лигасының әнұранын тыңдағымыз келеді.