— Дорин, «Астана» үшін соңғы ай сәтті өтті дей алмаймыз. Қазір команда сапындағы ойыншылар арасындағы көңіл-күйі қалай?
— Команданың сенімділігі сенімділігі күн сайын артып, біз бір отбасына айналып келе жатырмыз.
— Сіздің команда сенбі күні «Ордабасыға» қарсы қиын кездесуде маңызды жеңіске қол жеткізді. Бұл «Астананың» тасы өрге домалай бастағанын көрсете ме?
— Бұл біздің дұрыс жолда келе жатқандығымыздың айқын дәлелі.
— «Қайрат» Премьер-Лигада көш бастап келеді. Оларды қуып жетіп үлгересіздер ме?
— Біз үшін ең бастысы — келесі ойын. Жағдайдың қалай боларын, маусым соңында көре жатармыз.
— Бірнеше күннен кейін команда еурокубоктер аясында «Будучност» ұжымына қарсы ойнайды. «Астананы» аталмыш кездесудің фавориті дей аламыз ба?
— Менің ойымша, біз — фаворитпіз. Бірақ, бұл қарсыласты бағаламау дегенді білдірмейді.
— Черногрия чемпиондарына қарсы ойынның Қазақстанда өтуі «Астанаға» қандай да бір басымдық береді деп ойлайсыз ба?
— Біз Қазақстанда ойнағанымызбен, аталмыш кездесуді «Астана Аренада» өткізбейміз.
— «Будучност» командасы туралы не айтасыз?
— Мен олардың соңғы ойындарын көрдім және нәтижелерін білемін.
— Чемпионат екінші рет қайта жалғасқаннан кейінгі бір ай ішінде команда құрамындағы ойыншылар өздерінің толықтай бабын тауып үлгерді ме?
— Біз алдағы ойындарға дайын болу үшін, бірінші кезекте жаттығу жұмыстары барысында 100% еңбектенуге тырысып жатырмыз.
— Пол Эшуорттың бапкерлік қызметі туралы не айтасыз?
— Ол команданы және ойыншыларды өте жақсы біледі. Оның қол астында команда жақсы жұмыс жасап жатыр. Пол бізге ерекше мотивация мен сенімділік беруде.
—«Астана» осы маусымда өз алдына қойған екі мақсатына, яғни Қазақстан чемпионы атану және Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығу жоспарын орындай ала ма?
— Бұл біздің жоспарымыз. Біз осы жоспарды орындау үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.