Екінші лиганың тоғызыншы туры аясындағы матчта «Астана» мен «Оқжетпестің» жасөспірімдер командалары кездесіп, елордалық клуб 9:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Бұл ойында дубль авторы атанған Арсен Ахметов Екінші лигадағы сұрмергендер бәсекесінде көшбасшылығын нығайтты. Мақсат Абраев хет-трик жасап, Рақымжан Амангелдинов екі голмен көзге түсті. Сондай-ақ, Руслан Валихан мен Айтуар Төкен бір голдан соқты.