5 қазаннан бастап ФИФА терезесі аясында ұлттық құрамалар мен жастар құрамаларының ойындары өтеді.
Осыған байланысты «Астананың» 12 футболшысы өз құрамаларының сапына аттанады.
Жартылай қорғаушылар Сұлтан Сағнаев пен Мәди Жақыпбаев және шабуылшы Рамазан Каримов Қазақстан жастар құрамасына шақырту алды. Біздің құрама Солтүстік Македония және Испанияға қарсы екі ойын өткізеді.
Ал Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар Лигасы аясындағы Беларусь және Албанияға қарсы өткізетін ойындарына - қақпашы Дмитрий Непогодов, қорғаушы Абзал Бейсебеков, жартылай қорғаушы Юрий Перцух және шабуылшы Алексей Щеткин шақыртылды.
Беларусь құрамасына шақырту алған «Астананың» екі орталық жартылай қорғаушысы Иван Маевский мен Макс Эбонг Қазақстанға қарсы ойнауы мүмкін. Беларустықтар қазақстандықтардан бөлек, Ұлттар Лигасы аясында Грузия және Литваға қарсы ойнайды.
Сондай-ақ, өз құрамаларына Рунар Мар Сигурьонссон (Исландия), Тигран Барсегян (Армения) және Пиероса Сотириу (Кипр) шақырту алды. Исландиялықтар Ұлттар Лигасында Румыния, Дания және Белгияға қарсы кездесу өткізеді. Ал Армения құрамасын алда Албанияға қарсы жолдастық кездесу және Ұлттар Лигасында Грузия мен Эстонияға қарсы ойын күтіп тұр.
Кипрліктерді де қазан айында үш ойын күтіп тұр. Олар Чехияға қарсы жолдастық кездесу өткізсе, Ұлттар Лигасы аясында Люксембург және Әзірбайжан құрамаларымен кездеседі.
Және де өз құрамасына қорғаушы Жарко Томашевич шақырту алған, алайда, ол жарақатына байланысты Черногория құрамасының алдағы ойындарына қатыса алмайды.