kz

RU
EN
KZ
Энео Битри: «Астана» үшін барымды салатын боламын»
«Астананың» қорғаушысы Энео Битри «Ариспен» өткен жеңісті ойыннан кейінгі эмоцияларымен және елорда командасы сапында Конференциялар лигасындағы алғашқы матчы жайлы пікірімен бөлісті.
24 шіл 2021

«Иә, біз өте маңызды жеңіске қол жеткіздік, өйткені азулы қарсыласқа төтеп бердік. Ал менің дебютім туралы айтар болсақ, менің ойымша, жаңа командадағы алғашқы қадамды сәтті бастаған секілдімін, сондықтан қуанышымда шек жоқ. Өзімді өте жақсы сезініп тұрмын, себебі жанкүйерлердің маған деген ілтипатына дән ризамын. Енді алда бізді Грекиядағы қиын ойын күтіп тұр, алайда біз қаншалықты қиын болса да, келесі кезеңге өту үшін соңына дейін күресетін боламыз»

Бас серіктес