Турдың қорытындысы бойынша бұл тізімге «Астананың» үш футболшысы енді:
Қақпашы: Ненад Эрич
Қостанайлық «Тобылға» (1:0) қарсы маңызды кездесуде елорда командасының қақпашысы өз қақпасын «құрғақ» сақтап, төрт соққыны қайтарды, оның екеуі өте қауіпті болды. Іс – қимыл индексі – 291.
Орталық қорғаушы: Жарко Томашевич
Томашевич қостанайлық «Тобылға» қарсы ойындағы жеңіске өте үлкен үлес қосты. Тәжірибелі қорғаушы қорғаныстағы жекелей тартыста 7 рет жеңіске жетіп, 15 рет допты тоқтатып, 6 рет допты тартып алды. Ең бастысы, астаналық ұжымның қорғаушысы қарсыласқа өз командасының қақпасына гол соғуға мүмкіндік бермеді.
Іс – қимыл индексі – 293.
Шабуылшы: Алексей Щеткин
Қостанайлық «Тобылға» қарсы қиын кездесуде Щеткиннің екі міндеті болды: қарсыластың үш қорғаушыдан тұратын білікті қорғанысына қарсы тұрақты қысым жасау және қауіпті сәттер тудыру. Ол өз міндетін өте жақсы орындады. Сондай-ақ, Алексей ойында керек жерден табылып, жеңіс голын соқты.
Іс-қимыл индексі - 247.
Айта кетейік, Жарко үшінші рет турдың таңдаулы құрамына енсе, Щеткин мен Эрич бұл қатарға алғаш рет еніп отыр.