kz

RU
KZ
Евгений Постников: «Өте қиын ойын болатынына сенімдімін»
«Астана» футбол клубының қорғаушысы Евгений Постников Sports.kz  интернет порталына арнай сұхбат беріп, елорда командасының УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі «Динамо Бреске» қ
18 там 2020

— Евгений, Сіз осыған дейін Беларусияда үш маусым ойнаған едіңіз. Бұл ел осы жолы қалай қарсы алды?

— Барлығы жақсы — жылы, жап-жасыл, әдемі, адамдары өте мейірімді. Сондықтан, әзірге тек жағымды эмоциялар.

— Бресттегі жағдай қалай? Ондағы жағдайды шиеленісті деп атауға бола ма? Жалпы, қаланың өзі әдеттегідей көрінеді ме?

— Айтарлықтай ештеңе байқаған жоқпын. Себебі, УЕФА-ның COVID-19-ға қатысты хаттамасына сәйкес, біз қонақ үйден әрі ешқайда шыққан жоқпыз. Сондықтан бәрі тыныш.

Әр кезең тек қана бір кездесуден тұратын және ойындардың барлығы жанкүйерлерсіз өтетін іріктеу кезеңінің форматы көңіліңізден шықты ма?
— Ойынның жанкүйерлерсіз өтуі бұл өте үлкен минус екені түсінікті. Себебі, біз футболды осы жанкүйерлер үшін ойнаймыз. «Астананың» еурокубоктердегі ойындарына ылғи да толық стадион жиналатыны белгілі. Олардың қолдауы бізге ерекше күш береді. Ал іріктеу кезеңдерінің нәтижесі тек қана бір ойынмен шешілетіні, футбол лотореясына көбірек ұқсайды. Менің ойымша, кім мықтыны екі ойын қорытындысы бойынша анықтаған әділетті болар еді. Дегенмен, қазіргі жағдайда адамдардың денсаулығы өте маңызды болғандықтан, УЕФА ең оңтайлы шешім қабылдады деген ойдамын.

— Бресттегі ойынның жанкүйерлерсіз өтуі Сіздерге қол болады деп ойлайсыз ба?

— Әрине, бұл бізге белгілі бір деңгейде көмектесетіні анық. Себебі, бұл қалада футболды өте қатты жақсы көреді, ойындарға көптеген жанкүйерлер жиналады, олар өз командаларын қызу қолдайды. Ал бұл ойыншыларға қосымша күш береді.

— Сіз «Динамо-Брест» ойыншыларының барлығын танитын боларсыз. Қарсылас команда сапындағы ең қауіпті футболшыларды атай аласыз ба?

— Мен ешкімді жекелей танымаймын. Бірақ көбісімен жасыл алаңда талай рет кездестім. Олардың шабуыл шебіндегі футболшылары өте білікті және қапталдағы ойыншылары өте жылдам. Бұл командаға менің ойымша аздаған ұйымшылдық жетіспей жатқан сияқты. Алайда, олардың құрамында жекелей мықты футболшылар жетерлік. Сондықтан, өте қиын кездесу болатынына сенімдімін.  

— «Астана» осыған дейін Беларусь елінің командаларымен еурокубоктерде сәтті нәтижеге жеткен еді. Бұл жағдай біздің футболшыларға психологиялық тұрғыда қандай да бір басымдық береді ме?

— Мен БАТЭ командасына қарсы Беларусияда өткен ойындар жеңіл болды деп айтпаған болар едім. Біз бірінші кезекте үйдегі ойындарда жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрдік. Ал психологиялық басымдыққа келер болсам, біз бес жыл бойында еурокубоктердің тұрақты қатысушысы екендігіміз көбірек сенімділік береді деп ойлаймын.

— Бресттік ұжымның ойынын бапкерлермен бірге талдап үлгердіңіздер ме? Олардың ең осал жері қорғаныс шебі сияқты. Ал Сіз қалай ойлайсыз?

— Қазір футболда барлығы ұжым болып қорғанғанымен, барлығы дерлік шабуылға ұмтыла бермейді және қателіктер орын алған сәтте, көбісі артқа қайтып үлгермей жатады. Содан кейін қорғаныста көп проблемалар туындайды. Қазір «Динамоның» ойыны жоғары деңгейде емес. Оған бірқатар футболшыларының ауырып қалуы өз әсерін берді деп ойлаймын. Бресттік команда осыған дейін мықты көрінген болатын. Бізге олардың қорғаныстағы осал тұсын іздеп, гол соғып, жеңіске жету қажет.

— Қарсыласқа қандай да бір тосынсый дайындадыңыздар ма?

— Бапкерлер құрамы бізге қарсыластың ойынын талдап, артықшылықтары мен осал тұстарын көрсетті. Ал тосынсыйға келер болсақ, біз оны дайындадық. Алайда, мен қазір оны айтып қойсам мүлде дұрыс болмайды. Ойлағанымызды ойын барасында жүзеге асыра аламыз ба, алмаймыз ба оны кездесу барысында көреміз.

— Жалпы «Астана» командасының ішіндегі қазіргі атмосфера қалай?

— Барлығы ойындардың басталғанын асыға күтуде. Бәріміз карантиннен шаршап кеттік. Біз ұзақ уақыт бойында ресми кездесу өткізген жоқпыз. Ал қазір бірден Чемпиондар Лигасында ойнайын деп жатырмыз. Менің ойымша, біз барлығын жақсы көңіл-күймен бастап, толықтай алаңда барымызды салуымыз қажет.

— Сіздің ойыңызша, бес айлық үзіліс команданың ойынына әсер ете ме?

— Әрине, осынша уақыт жасыл алаңға шықпау өте қиын. Ешқандай жаттығу немесе жолдастық кездесу ресми ойынды алмастыра алмайды. Дегенмен, барлығы жақсы болады деп үміттенемін. Әр ойын сайын команданың ойыны жақсара түседі деген сенімдемін.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

Бас серіктес