«Астана» қорғаушысы Евгений Постников үшін «Тобылға» қарсы кездесу елорда командасы сапындағы 213-ші ойыны ретінде тіркелді.
Постников осы көрсеткіштер бойынша Марин Аничичті қуып жетіп, клуб тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде төртінші орынға шықты. «Астана» жейдесінде Евгенийден көп ойын өткізген үш ойыншы ғана бар. Олар: Ненад Эрич (305 ойын), Абзал Бейсебеков (287) және Дмитрий Шомко (264).
Постников «Астана» сапына 2014 жылы қосылып, осы 6 жыл ішінде команда сапында Еурокубоктерде 56 ойын, оның ішінде Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы кездесулер бар. Сондай-ақ ол алты дүркін Қазақстан Чемпионы атанып, үш мәрте ел Суперкубогында жеңіске жеткен.