Футбол әлемі 2020 жылдың 25 мамырына бекітілген Халықаралық жоғалған балаларды қолдау күні үшін арнайы бірігіп отыр.
ECA (European Club Association) құрамына кіретін 50-ден астам клуб мүшелері, соның ішінде «Астана» футбол клубы өзінің әлеуметтік желілерін бүкіл әлемде жоғалып кеткен балалардың мәселесіне назар аудару үшін пайдалануға шақырды.
«Футболға қамқорлық» бастамасын хабар-ошарсыз кеткен және пайдаланылатын балалардың халықаралық орталығы (ICMEC) жүзеге асырады, сондай-ақ оны ECA және FIFA қолдайды.
«Жыл сайын әлем бойынша миллионнан астам бала жоғалады, ал хабар - ошарсыз кеткен бала - осал бала. Олардың көбі қауіпсіз жағдайда тез арада үйге оралып жатса, ал біршамасы ұзақ уақыт аралығында хабар-ошарсыз жоғалады», - дейді ICMEC Бас директоры Боб Каннингем.
«2020 жылғы жоғалған балаларды қорғау күні біз әлемдік футбол қауымдастығынан қолдауға ие болып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Клубтардың көптеген жанкүйерлері мен жаһандық танымалдылығының арқасында хабар-ошарсыз кеткен балалардың біршамасы өз туыстарымен қайта қауышады деп үміттенемін».
ICMEC 20 жылдан астам уақыт аралығында әлемде балаларды ұрлау, жыныстық зорлық-зомбылық және қанау оқиғаларын болдырмау үшін күресіп келеді.
Олардың жұмысы барлық континенттерге таралады, жоғалған балалардың ғаламдық желісі ICMEC жоғалған және ұрланған балаларды қалпына келтіруге көмектесу үшін 30 елді біріктіреді.
ICMEC әр жылдың 25 мамырында Халықаралық жоғалған балалар күнін атап өту үшін және жоғалған балалардың мәселесі туралы хабардарлығын арттыру бойынша іс-шаралар мен науқандар ұйымдастырып, сауығып кеткендерді құттықтап, хабар-ошарсыз кеткендерді еске алып отырады.
«Футболға қамқорлық» бастамасын алты дүркін Қазақстан чемпиондарынан бөлек, төмендегі клубтар да қолдады: «Гент», «Генк» (екеуі де- Бельгия), «Сараево» (Босния және Герцеговина), «Лудогорец» (Болгария), «Омония» (Кипр), «Виктория Плзень», «Славия Прага» (екеуі де-Чехия), «Челси», «Ливерпуль», «Тотенхем» (барлығы- Ұлыбритания), «Стреймур» (Фарер аралдары), «Сейнайоки» (Финляндия), «Марсель» (Франция), «Байер 04», «Боруссия Дортмунд», «Хофенхайм», «Вольсбург» (Германия), «Линкольн» (Гибралтар), АЕК, «Астерас», «Атромитос, «Олимпиакос», «Панатинаикос», ПАОК (барлығы-Греция), «Фехервар», «Ференцварош» (Венгрия), «Корк Сити» (Ирландия), «Хапоэль Беер-Шева» (Израиль), «Рома», «Аталанта», «Интер», «Ювентус», «Лацио» (барлығы-Италия), «Еглава» (Литва), «Зимбру» (Молдова), «Сутьеска» (Черногория), «АЗ Алкмаар» (Нидерланды), «Лифилд» (Северная Ирландия), «Росенборг» (Норвегия), «Бенфика» (Португалия), «ЧФР Клуж» (Румыния), «Локомотив», «Зенит» (екеуі де-Ресей), «Ла Фиорита» (Сан-Марино), «Селтик», «Ренжерс» (екеуі де-Шотландия), «Слован» (Словакия), «Атлетик», «Атлетико», «Барселона», «Веленсия» (Испания), «Мальме» (Швеция), «Янг Бойз», «Цюрих» (екеуі де- Швейцария).