Жеңіс күні мерекесі қарсаңында «Астананың» негізгі құрамының ойыншылары Дмитрий Непогодов, Валерий Чуперка және Сағи Совет Нұр-Сұлтан қаласының қарттар үйіне барып қайтты.
Іс-шара аясында футболшылар ҰОС ардагері Сафоничева Раиса Егоровнамен кездесті. Раиса Егоровна 18 жасында Украина, Бессарабия, Венгрия және Румыниядан болып, Жеңісті Будапешт қаласында қарсы алған.
Клуб ойыншылары Раиса Егоровнаны бір жағынан керемет, екінші жағынан адам қайғысы мен көз жасына толы болған мерекемен құттықтады!
Осыған қоса қарттар үйіне «Астана» клубы атынан жаңа велотренажер, ал клубтың серіктес-досы «Marriott Astana» қонақ үйі атынан азық-түлік жиынтықтары сыйға тартылды.