«Астана» футболшылары 2021 жылғы маусымның басталуына дейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын 18-31 қаңтар аралығында Қазақстан астанасында өткізеді.
Бүгін, 16 қаңтарда, әрекеттегі келісімшарттармен, қазақстандықтардан құралған футболшылардың бірінші тобы, сондай-ақ жас ойыншылар медициналық тексеруден өте бастады, олардың басым бөлігі өткен маусымды жалға алынған Бірінші және Премьер-лига клубтарында өткізген болатын. Ертең екінші топ медициналық тестен өтеді, содан кейін команда жаттығуды толықтай кіріседі.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда әрекеттегі келісімшарттары бар ойыншылар, сондай-ақ 1999-2000 жылдары туған футболшылар да жаттығатын болады. Сонымен қатар, негізгі құраммен өтетін жаттығуларға команданың қайталанатын құрамынан 18 жастағы Мейрамбек Қалмырза да қосылатынын естеріңізге сала өтейік.