Нұр-Сұлтан қаласында басталған жиында негізгі құрамда жұмыс істеуге Бірінші және Премьер-Лигадағы клубтардың жалдауында болған бірқатар футболшылар қосылды.
Бұл жерде 20 жасар голкипер Владислав Саенко («Ақжайық»), қоғаушыларТалғат Кусяпов («Оқжетпес»), Сағи Совет («Арыс»), жартылай қорғаушылар Лев Скворцов, Жасұлан Каиркенов («Атырау») және шабуылшы Владислав Прокопенко («Ақтөбе») туралы сөз болып отыр.
Сондай-ақ, командаға клубпен жасасқан қолданыстағы келісімшарты бар, бірақ соңғы жылдары Бірінші Лиганың клубында жалдамалы ойыншы ретінде өнер көрсетіп жүрген, 2020 жылғы маусымға жарақатына байланысты қатыспаған 22 жасар қақпашы Даниил Подымский де қосылды.