Бүгін, 6 шілде, Қазақстанда бірден екі үлкен мереке - сүйікті қаламыздың және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні атап өтіледі!
«Астана» футбол клубының ұжымы барлық елорда тұрғындарын қала күнімен құттықтайды! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңселі елордамыздың өркендеп дами беруін тілейміз!
Сонымен қатар, клуб Нұрсұлтан Әбішұлының Біздің мемлекетіміз бен қаламыздың дамуы мен қалыптасуына, отандастарымыздың денсаулығының жақсы болуына қосқан үлесін жоғары бағалайды!