kz

RU
EN
KZ
«Астана»  футбол орталығының балалар мен жасөспірімдердің оқу-жаттығуларын өткізуге арналған спорттық жабдықтары  жаңартылды.
14 қыр 2021

Клуб  тәрбиеленушілеріне   қазақстандық футболды дамыту үшін ең жақсы жағдай жасауды мақсат етіп отыр. Командалардың жаңа құрал-жабдық алғандығы жөнінде футбол орталығының жаттықтырушысы Владимир Вениаминович Глевич:

«Бізге «Астана» футбол орталығына   жаңа фишкалар, доптар мен жаңа құрал-жабдықтар берілді. Доптар өте  сапалы, құралдар да көңілімізден шықты!
 
Соңғы үш жыл бойы балалар бұрынғы доптарымен жаттығып жүрген болатын, ол доптар да ескірді, сондықтан біз қуаныштымыз, бұл футбол орталығы үшін үлкен қолдау екенін айтқым келеді. Клуб басшылығына   өтініш бердік,  міне бір апта ішінде бізге балалардың жаттығуы үшін қажетті құралдардың барлығын алып берді, мәселенің тез шешім тапқаны үшін ризамыз», – деді жаттықтырушы.

«Астанамыздың» абыройын асқақтатыңыздар!

Бас серіктес