kz

RU
KZ
«Астана» футбол орталығы жаттығу жұмыстарына қайта кірісті
08 мау 2020


Бүгінгі күннен бастап «Астана» футбол орталығы COVID-19 короновирустық инфекциясымен күрес бойынша барлық сақтық шараларын сақтай отырып, жаттығу жұмыстарын қайта бастады.
Жаттығу басталғанға дейін футбол орталығының барлық жаттықтырушылар құрамы және әкімшілік штабы COVID-19-ға анализ тапсырды, ата-аналар балаларды тек спорт орталығына кірер алдына дейін ғана алып жүреді, спорт кешенінің аумағына кірер кезде температураны өлшеу және вирусты инфекцияның алғашқы белгілеріне сұрау жүргізіледі, температура бойынша барлық деректер арнайы журналға енгізіледі, жеке су ішу режимі қатаң сақталады, жаттығуға дейін және одан кейін қолды антисептикпен тазарту жүргізіледі.
Жаттығу екі алаңда өтеді: үлкен жастағы топтар «Тарлан Арена» спорт кешенінің алаңында, ал кішілері «Арай» саябағындағы алаңда жаттығады.
Естеріңізге сала кетейік, футбол орталығы 2012 жылы «Астана» футбол клубы жанынан құрылған болатын. Қазіргі таңда орталықта 9-18 жас аралығындағы 350-ден астам жасөспірім мен қыз бала тегін жаттығады.

Бас серіктес