«Астана» – «Қайрат» матчының бас төрешісі – Керекулік рефери Александр Гаузер. Оған Илашбек Орынбаев (Түркістан облысы) пен Дмитрий Филоненко (Тараз) көмектеседі.
Ел кубогы таласқа түскен ойын тарихында алғаш рет VAR жүйесі қолданылады – төреші боп Артем Кучин (Қарағанды) тағайындалса, ал AVAR төреші – Евгений Бельский (Тараз).
Қосалқы төреші Саят Қарабаев (Нұр-Сұлтан) болса, ойын инспекторы Қызылжарлық Виктор Антонов.