kz

RU
EN
KZ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік голы таңдалды
31 нау 2021

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 6 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 2344 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік гол болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Тұран» – «Астана» (1-тур) кездесуінде соғылған Абзал Бейсебековтың тамаша голы атанды. Елордалық ұжым капитанының голына 928 (39,59 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді. 

Бас серіктес