kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян: «Осындай қолдаумен ойнау жақсы»
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Атыраумен» өткен ойынның нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
23 қаз 2022

- Бірінші таймда алғашқы жиырма минутты жақсы өткіздік. Біз көптеген мүмкіндіктерді пайдаланып екі гол соқтық. Осыдан кейін ойын теңелді. Кейбір сәттерде тепе-теңдік сәл бұзылып тізгінді жоғалтып алдық, бірақ дер кезінде үшінші голды соқтық.
Маған екінші таймда, әсіресе алғашқы минуттарда ойнағанымыз ұнамады. Ойын тактмкасын қайта құруға тура келді, жіберіп алған голдан кейін үш орталық қорғаушымен ойнадық,тәуекелге бармадық. Нәтижесінде тағы екі гол соқтық, лайықты жеңіске жеттік деп ойлаймын.
Стадиондағы жақсы атмосфераны атап өткім келеді. Бұл өз алаңымыздағы соңғы матч болды және жанкүйерлердің саны да жеткілікті болды. Осындай үлкен қолдаудың арқасында ойнау команда үшін жақсы екенін сезіндік. Біз оларды ортақ жеңісімізбен құттықтаймыз!

- Прокопенконың алаңға шығуы оның "Ордабасымен" өткен ойында жақсы өнер көрсеткеніне байланысты болды ма және неге оны үзілісте ауыстыруға шешім қабылданды?
- Иә, бұл, ең алдымен, оның кубок таласқа түскен матчта өте жақсы ойын өткізгендігімен байланысты болды және бүгін Владислав бірінші таймда жақсы ойнады. Ауыстыруға келсек, тактикалық тұрғыда солай дұрыс болды.

- Петропавлдағы алаңның сапасы қандай екенін ескере отырып, "Қызылжармен" өтетін матчта құрамда қандай да бір өзгерістер бола ма?
– Біз қазір қарсыласты талдайтын боламыз. Барлығын ескеру керек: ауа-райы жағдайы, әрі матч 14: 00-де басталады, сонымен қатар алаңның сапасы да ойдан шықпайды. Бастысы, аталған жағдайлардың бәрін талдауға және дайындалуға уақыт бар.

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес