kz

RU
KZ
"Астана" футбол орталығының ойыншылары дайындық бойынша семинардан өтті
00:00, 10 ақп 2021

 

 

   Бүгін, 10 ақпанда, 2005 жылы туған балалардан құралған "Астана" жасөспірімдер командасы "Спортшыларды кешенді дайындау қағидаттары" деп аталатын семинарға қатысты.

   Бұл осы жастағы команда үшін коуч-тренер Қуаныш Әбдуәлиевтің қатысуымен өткізілген екінші семинар болды.

   Футбол орталығының 2021-2025 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес мұндай семинарлар тұрақты негізде өткізілетін болады.

   - Мен үшін 10 мың сағат тақырыбы қызықты болды. Егер адамға сүйікті ісімен айналысу үшін осынша сағат беретін болса, онда ол өз ісінің шеберіне айналады. Клубтың 2005 жылғы тәрбиеленушісі Алдияр Алтаев -Спорт саласында психологияның ролі өте үлкен, сондықтан мұндай семинарлар біз үшін аса маңызды,- деп семинарға қорытынды жасап өтті.

   Айта кетерлігі, "Астана-2005" командасы ақпан айының соңында Шымкентте өтетін  "Жастар" республикалық турнирінде футбол маусымын ашқалы отыр.

 

Бас серіктес