kz

RU
EN
KZ
Instat. Постников – «Оқжетпеске» қарсы кездесудің үздік ойыншысы
23 там 2020

 

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы «Астана» - «Оқжетпес» арасындағы ойынның нәтижелерін жариялады. 
Осы көрсеткіштер бойынша елорда командасының қорғаушысы Евгений Постников ойынның үздігі атанды. Орталық қорғаушы ойын барысында жекелей тартыста 11 рет жеңіске жетіп, 13 рет қарсылас ойыншыларынан допты тартып алған. 
Екінші орында жартылай қорғаушы Тигран Барсегян. Армения құрамасының ойыншысы кездесу барысында пенальти иеленіп, қарсылас қақпасына 4 мәрте тура соққы бағыттап, 6 рет айып добына иелік етіп, 4 рет қарсылас ойыншыларын қапыда қалдырған. 
Үздік үштікті Дмитрий Непогодов түйіндеді. Одан кейінгі қатарда Марин Томасов пен Жарко Томашевич орналасты. 
 
Instat Index бойынша үздік бестік
1. Евгений Постников 275
2. Тигран Барсегян 272
3. Дмитрий Непогодов 255
4. Марин Томасов 254
5. Жарко Томашевич 254

Бас серіктес