kz

RU
EN
KZ
Instat: Радакович «Шахтерға» қарсы кездесудің үздік ойыншысы
Instat аналитикалық компаниясы «Астана» - «Шахтер» арасындағы ойынның нәтижелерін жариялады.
21 қыр 2020


Футболшылардың барлық көрсеткіштерін есептейтін Index нәтижесі бойынша, «Астана» қорғаушысы Урош Радакович үздік атанды. Сербиялық ойыншы жекелей тартыста (89%) үздік нәтиже көрсетіп, сондай-ақ 8 мәрте қарсылас ойыншыларына тосқауыл жасаған. Бұл кездесуге қатысқан футболшылар арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Екінші орында Жарко Томашевич. Орталық қорғаушы жекелей тартыста 10 рет жеңіске жетіп, 71 тура пас берген.

Үздік үштікті Абзал Бейсебеков түйіндеді. Ол да Жарко сияқты 10 рет жекелей тартыста басымдық танытып, айып алаңына 25 мәрте пас асырып, осы көрсеткіш бойыншы үздік атанды.

Үздік бестік:
1. Урош Радакович 293
2. Жарко Томашевич 257
3. Абзал Бейсебеков 235
4. Тигран Барсегян 234
5. Дорин Ротариу 231

Бас серіктес