kz

RU
EN
KZ
Instat. Тигран Барсегян – «Оқжетпеске» қарсы кездесудің үздік ойыншысы
28 қаз 2020

Ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейін Instat аналитикалық компаниясының ұсынған мәліметтері бойынша елорда командасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян «Оқжетпес» - «Астана» арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Тигран бұл ойында 2 гол соғып, 7 рет допқа тосқауыл қойып, 10 рет жекелей тартыста жеңіске жеткен.
Екінші орында Дмитрий Шомко. Команданың вице-капитаны нәтижелі пас беріп, жекелей тартыстың 71%-да жеңіске жетіп, 84% тура пас берген.
Үздік үштікті Марин Томасов түйіндеді. Хорват команданың үш нәтижелі шабуылына үлес қосып, еншісіне бір гол жазды. Марин ойында қарсылас қақпасына бес мәрте соққы бағыттап, осы көрсеткіш бойынша көшбасшы атанды.

Инстат Индекс бойынша үздік бестік:
1.Тигран Барсегян 350
2.Дмитрий Шомко 297
3.Марин Томасов 293
4.Алексей Щеткин 286
5.Жарко Томашевич 268

Бас серіктес