Ертең, 21 маусымда, Нұр-Сұлтан қаласында 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының 3-туры басталады.
Осы орайда бүгін «Астана» футболшылары үшін бірлескен кешкі ас ұйымдастырылды. Оған негізгі клубтың бапкері Максим Жалмағамбетов пен команданың, сондай-ақ Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат қатысты.
Айта кетейік, Максим Жалмағамбетов те, Исламбек Қуат та елорда мектебінің тәрбиеленушілері. Жас футболшыларға үлгі болған ойыншылар олардың әрі қарай дамуына кеңес беріп, өз алаңында өтетін ойын қарсаңында барынша жігерлендіруге тырысты.